Басты бет » Жаңалықтар » Ерасыл Уәлиев не себепті ҰБТ-дан 1 балл жинады?

Ерасыл Уәлиев не себепті ҰБТ-дан 1 балл жинады?

Ұлттық біріңғай тестілеуден 1 балл жинағанынын әлеуметтік желіге салған Ерасыл Уәлиев бір мезетте-ақ танымал болды. Ол – Алматы облысындағы Іле ауданының Байсерке ауылындаға №12 мектептің түлегі.

9-сыныпқа дейін үздік оқушылардың қатарында болған екі рет ҰБТ тестілеуін тапсырып, бірінші 12 маусымда тапсырған тестілеуде де 93 балл жинап, екінші 30 маусымда өткен тестілеуде әдейіге 1 балл жинап шыққан. Қаңтар, наурыз айларында өткен ҰБТ-ға дайындыққа қатыспаса да, бірінші тестілеуден-ақ 93 балл жинап, өзі қалаған «Мейрамхана бизнесі» мамандығына грантқа түсіп тұрған. Екінші тестілеуге қатыспауына да болатын  біле тұра Ерасыл тестілеуге қатысып, 1 балл алып шыққысы келгенін жасырмай айтты. Бұлай жасауының себебін, ҰБТ тапсырып, өмірден түңіліп, төмен балл жинаса, өміріне балта шабылды деп қайғыратын жас түлектерге осымен өмір тоқтап қалмайтынын көрсеткісі келді. Осы арқылы көптің назарын өзіне аударып, ҰБТ – өмірдің соңы еместігін көрсетті. Бұл ісін ұстаздары мен ата-анасы қалыпты қабылдаған. Десе де, Ерасыл ұстаздарына зиян тиіп, мектептің дәрежесі түсіп кете ме деп алаңдаған. Қазір кезде Ерасыл Уәлиев Алматы қаласындағы Сүлеймен Демирель атындағы университетке шақырту алып отыр.

Әлеуметтік желіде оны қолдап жатырғандар да, керісінше қарсы пікір жазып жатқандар да көп.

                                                 Перизат Сапарова