Басты бет » Жаңалықтар » «Қазақстан – атажұртым, қасиетім – ана тілім»: Халықаралық олимпиада аяқталды

«Қазақстан – атажұртым, қасиетім – ана тілім»: Халықаралық олимпиада аяқталды

Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары «Қазақстан – атажұртым, қасиетім – ана тілім» халықаралық олимпиадасында 7 білім беру грантын және 14 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Олимп️иаданы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Маңғыстау облысының білім басқармасы және «Каспий дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау орталығы ұйымдастырған болатын.

Ақтауда қазақ диаспорасының балаларына арналған «Қазақстан – атажұртым, қасиетім – ана тілім» атты XXI Халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Олимпиадаға Өзбекстан, Түрікменстан, Қытай, Ресей және Ираннан келген 48 дарынды оқушы қатысты. Олар 14 марапатты өзара бөлісті: 6 қола, 5 күміс және 3 алтын медаль.

Жабылу салтанатында олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері белгілі болды. Қола медаль иегерлері:

1. Дарина Даушева (Ресей, Самара облысы, 8-сынып);

2. Зара Кульмашова (Ресей, Самара облысы, 8-сынып);

3. Айдана Бинамбетова (Ресей, Самара облысы, 8-сынып);

4. Сабина Асқарова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып);

5. Елдос Сақов (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 10-сынып);

6. Бақтығұл Амангылыжова (Түрікменстан, Гарабогаз, 11-сынып) — Маңғыстау облысының Yessenov University білім беру гранты.

Күміс медаль алғандар:

1. Ақжол Оразәлі (Қытай, Шыңжаң, 12-сынып);

2. Аружан Ақылбекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып);

3. Ерсұлтан Джорабеков (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып);

4. Гүлсевар Сафаралиева (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 9-сынып);

5. Диляра Әділбекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 8-сынып).

Алтын медаль және мемлекеттік білім беру грантына ие болғандар:

1. Мөлдір Нұрлан (Қытай, Шыңжаң, 12-сынып) — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру гранты;

2. Диана Ордабекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып) — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру гранты;

3. Балжан Әділбекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 9-сынып).

Қосымша мемлекеттік білім беру гранттарына ие болған оқушылар:

1. Сабина Асқарова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып) — Ө.Жәнібекұлы атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің білім беру гранты;

2. Ақжол Оразәлі (Қытай, Шыңжаң, 12-сынып) — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру гранты;

3. Аружан Ақылбекова (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып) — Ө.Жәнібекұлы атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің білім беру гранты;

4. Ерсұлтан Джорабеков (Өзбекстан, Бостандық ауданы, 11-сынып) — Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру гранты.