Басты бет » Жаңалықтар » МИНИСТР ҰБТ-ДА 140 БАЛЛ ЖИНАҒАН ТҮЛЕКТІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

МИНИСТР ҰБТ-ДА 140 БАЛЛ ЖИНАҒАН ТҮЛЕКТІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді. Сондай-ақ түлекті дайындаған ұстаздардың рөліне де тоқталып өтті.

«Жаннұрдың ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуі – бұл еңбекқорлықтың, шыдамдылық пен ынтаның нәтижесі. Бұл ретте ата-ананың қолдауы, қамқорлығы мен балаға деген сенімін де айта кету керек. Сондай-ақ мұғалімдердің де кәсібиліктері мен жұмыстарына деген адалдықтарының арқасы. Бұл қуанышты сәт өміріңіздегі жаңа жетістіктер мен жеңістердің бастамасы болсын!» – деді Саясат Нұрбек өз сөзінде.

11 жыл үздік оқыған түлек – «Алтын белгіге» үміткер. Ол ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған.