Басты бет » Жаңалықтар » ТИРАН, АБЬЮЗЕР ЕШҚАШАН ӨЗГЕРМЕЙДІ: Белгілі тележүргізуші марқұм Салтанат Нүкеноваға туралы жазды

ТИРАН, АБЬЮЗЕР ЕШҚАШАН ӨЗГЕРМЕЙДІ: Белгілі тележүргізуші марқұм Салтанат Нүкеноваға туралы жазды

Марқұм Салтанат Нүкенова туралы жазба қалдырған журналист Дана Нұржігіт жас қыздың ауыр тағдыры көпке сабақ болуы керек екенін айта келе, өзінің де отбасылық өмірде психологиялық-моральдық қысым көргенін жазды.

«Сот Үкімі күшіне еніп, апелляциялық соттың шешімімен Бишимбаевтың жазасы жеңілдетілмейтін болды. Көктемде бұл процесс жүріп жатқанда мен бір ауыз сөз жазбадым. Пікір білдірмедім. Ештеңе. Біріншіден: сот процесі жүріп жатқан кезде ол жұмысқа кедергі келтіруге болмайды деп есептеймін. Этикалық тұрғыдан солай болу керек. Екіншіден: сол күндері, дәл сол ғимаратта жабық есік жағдайында мен қозғаған қылмыстық іс те қаралып жатты. Бишимбаевтың Салтанат жайлы айтқан сөздеріндей бықсық әңгіме құдды бір сценаристің қолынан шыққандай менің процесімде де маған қарата айтылып жатты. Менің мұндай психологиялық-моральдық қысымнан неге сынып кетпегенімнің бір себебі: мен өмір көрген адаммын, менің балам бар. Маған босаңсуға болмайтын, күресіп, тойтарыс беруден басқа жол жоқ екенін түсінгенім.
Оңай болған жоқ», – дейді журналист.

Сонымен қатар ол қыз-келіншектерге қарата тиран, абьюзерлердің ешқашан өзгермейтінін, оларға алданбау керектігін де жазды.

«Ал Салтанат жас, «әлі-ақ үй болып кетерміз, қоятын шығар…» деген үмітпен өзінің жеке шекарасын босаңсытып, абьюзердің толық бақылауына түскенін, ерік, жігерінен айырылып жатқанын, баяғы Салтанаттың тірі өлікке айналып бара жатқанын аңғармай қалды. Бишимбаев сияқтылар адамды алдымен тұлға ретінде жоқ қылуға тырысады. Болмысын мансұқ етіп, жанын піскілеп, қанын теспей сорып аяғында өлтіріп тынады. Салтанатты бір жылға жеткізбей дәл солай сындырып барып, ақыры жанын алды. Қыздар, құрбылар, естеріңізде болсын: тиран, абьюзер ЕШҚАШАН ӨЗГЕРМЕЙДІ! ОНЫҢ СІЗГЕ ЖАНЫ АШЫМАЙДЫ. ОЛ ӨЗІНЕ СЫРТ КӨЗ БОЛА АЛМАЙДЫ! ЕШҚАШАН! Өзіңізді алдамаңыздар!

Сол күндері сот ғимаратының дәлізінде Салтанаттың әкесімен жолығып қалған кезім болды. Ол кісі мені танығандай көрінді маған. Ауыр демалып, беті боп-боз болып тұр екен. Орнымнан тұрып, «Алла қуат берсін Сізге, аға! Қайғыңызға ортақпын. Бекем болыңыз!» дегеннен басқа сөз таппадым. Ол кісі басын изеді де сот залына қарай жүріп кетті. Неткен ауыр сынақ еді!
Салтанат-арудың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!» – деп жазды Дана Нұржігіт.

Салтанаттың

Жұмагүл ханым, айналайын, Сізді ел болып жұбатсақ та қайғыңызды жеңіл ете алмаймыз, білемін. Сіздің аққудай сұлу қызыңыз бұғып жатқан қаншама әйелдің еңсесін көтерді, өзіне деген сенімін оятты. Менің жазда берген арызымды үстірт қараған тергеуші, қараша айынан кейін істі аса ыждаһаттылықпен зерттей бастады. Бұл кешегі ерлі-зайыптылардың жай ғана кикілжіңі емес, қылмыс екеніне көзі жете бастады. Сөйтіп қана істі сотқа дейін жеткіздім. Сіздерді сырттарыңыздан көріп жүрдім. Өзіңізге, ағамыз бен Айтым бауырыма Жаратқан күш-қуат берсін! Салтанатыңыз заңның салтанат құруы үшін өмірін қиды. Әділет орнаған заман соның өтеуі болсын! Амандық тілеп, өзіңізді құшақтадым! Бекем болыңыз!