Басты бет » Жаңалықтар » 7 420 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

7 420 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

2024 жылы 11 сыныпты 186 мың түлек аяқтады. Оның ішінде 7420 адам «Алтын белгі» белгісімен марапатталды, ал 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестат алды.

 

Қолдарына мектеп бітіру құжатын алған жас түлектер мамандық таңдауда қателеспеуі қажет. Бейімі бар, өзі қалаған мамандықты таңдағаны абзал. Бұл – әр адамның болашағына жасаған ең үлкен қадамы.

2024-2025 оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?

Жаңа оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 145 мың абитуриент қабылданады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мың адамға көп. Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық, яғни геология, машина құрастыру, энергетика, ІТ, металлургия, көлік және т.б. мамандықтар бойынша көбейтілді.

«Биыл үшінші жыл қатарынан колледж абитуриенттерді жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қабылдап жатыр. Бұл жыл сайын еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтарға 10 мың студентті қабылдауға мүмкіндік береді», — деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Колледжге түсу үшін 9-сынып түлектері 25 маусым мен 18 тамыз, 11-сынып түлектері 25 маусым мен 20 тамыз аралығында құжат тапсыра алады.