Басты бет » Жаңалықтар » Жаңа мүмкіндіктерді кеңейту: Murager және IZBASAR бағдарламалары іске қосылды

Жаңа мүмкіндіктерді кеңейту: Murager және IZBASAR бағдарламалары іске қосылды

Жаңа мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында IZBASAR және Murager білім беру бағдарламаларының басталды, деп хабарлайды Қазатомөнеркәсіп баспасөз қызметі.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тарапынан қолға алынған бағдарлама белсенді жастарды, талапкерлерді, колледж түлектерін және компания қатысатын өңірлердегі бастауыш курс студенттерін, сондай-ақ атом холдингінің жас қызметкерлерін қолдауға бағытталған.
«Қазатомөнеркәсіп жергілікті тұрғындар үшін білім беру сапасы мен қолжетімділігін арттыру арқылы қатысу өңірлерін дамытуға ерекше назар аударады. Стратегия білікті және білімді жастарды қалыптастыруға ықпал ететін зияткерлік ортаны құруға бағытталған. Жоғарыда аталған стратегияны іске асыру үшін Murager және IZBASAR бағдарламалары жұмыс істейді», деп атап өтті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
Биыл мектептер мен колледждердің түлектеріне, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарының 1, 2 және 3-курс студенттеріне арналған Murager өтеусіз білім беру гранттары бағдарламасы өзінің қамтылуын кеңейтеді және Ақмола, Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс істейді.
Компания ұсынатын грант уран өндірісі және өндіру, геологиялық барлау, ядролық-отын циклі, ғылыми қызмет, энергетика, экология және қоршаған ортаны қорғау (HSE) сияқты атом саласы үшін басым техникалық бағыттар бойынша Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындары мен колледждерінде (толық тізім жобаның сайтында) 1 жыл оқудың құнын жабады.
Табысты оқу нәтижесінде жыл сайынғы үлгерімнің қажетті деңгейін (GPA) растаған бағдарламаға қатысушылар келесі оқу жылында Murager білім беру гранты бойынша оқуын ұзарта алады.
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 22 мамырдан 14 тамызға дейін https://murager.kazatomprom.kz сайтта жүзеге асырылады және бағдарламаның Instagram әлеуметтік желісіндегі @muragerprogram парақшасында толығырақ ақпарат берілген. Сонымен қатар Қазатомөнеркәсіптің басты назары құзыреттіліктерді дамыту мен кәсіби өсуге бағытталған.
Компанияда жас мамандарға арналған IZBASAR дамыту бағдарламасына конкурстық
іріктеуді бастайды, ол компанияның жас қызметкерлерінің ішінен ішкі кандидаттар арасында да, Қазақстанның жоғары оқу орындарының түлектері – сыртқы қатысушылар арасында да өтеді.
Бағдарлама аясында жас мамандар компаниялар тобында ротациядан өтеді, бұл олардың кәсіби дағдыларын дамытуға және жаңа бағыттар бойынша озық тәжірибені игеруге мүмкіндік береді. Айта кетейік, сыртқы қатысушылар үшін тағылымдама ақылы болады, бұл мансабын бастаған мамандар үшін елеулі бонус болып табылады. Сондай-ақ осы жылдан бастап уран өндірісі және өндіру, геологиялық барлау, ядролық-отын циклі, ғылыми қызмет, IT және киберқауіпсіздік, экология және қоршаған ортаны қорғау, HR және маркетинг сияқты басым бағыттар қатарына «экономика және қаржы» мамандығы қосылады.
2024 жылғы IZBASAR бағдарламасына үміткерлерді қабылдау жоба https://izbasar.kazatomprom.kz/ru сайтында 31 мамыр мен 30 маусым аралығында өтеді.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша
Асқар Атагулин, PR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz

Murager бағдарламасына қатысты сұрақтар бойынша
Динара Абдихамитова, HR департаментінің бас сарапшысы
Тел: +7 7172 45 81 25
Email: d.abdikhamitova@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80/69
Email: ir@kazatomprom.kz
Осы хабарландырудың көшірмесін www.kazatomprom.kz алуға болады.
Қазатомөнеркәсіп туралы Қазатомөнеркәсіп 2023 жылы жалпы әлемдік бастапқы уран өндірісінің шамамен 20%-ын құрайтын Компанияның меншік үлесіне сәйкес табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топтың өнеркәсіптегі ең ірі уран қоры базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірлесе отырып, 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасында орналасқан және денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық тәжірибелер мен бақылауларға ерекше назар аудара отырып, уран өндіру үшін жерасты шаймалау технологиясын пайдаланады (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған).
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Астана халықаралық биржасында және Қазақстан қор биржасында тіркелген. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі тұтынушылары – ядролық генерациялау объектілерінің операторлары, ал өнімдердің негізгі экспорттық нарықтары – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей өзінің Астана қаласындағы (Қазақстан) корпоративтік орталығынан және Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.
Толық ақпарат біздің сайтымызда: https://www.kazatomprom.kz.
Болашаққа қатысты мәлімдемелер
Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде, бұның алдында, бұлардан кейін немесе «мақсат», «санаймыз», «күтеміз», «ниеттіміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «әбден мүмкін» сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген
немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН.
КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен
кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.