Түркі әлемі жастарының астанасы Ленкораньда жас көшбасшылар бас қосты. Қазақстан жастары конгресінің жастары «Ленкорань 2024 – Түркі әлемі жастарының астанасы» халықаралық бағдарламасына қатысты.
Бағдарлама Түркі мемлекеттері ұйымы мен Әзірбайжан Республикасы Жастар және спорт министрлігінің бірлескен ынтымақтастығы негізінде іске асырылды. Жыл сайын Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің қалаларының бірін елдердің дамуына және бауырластық және достық қатынастарды нығайтуға үлес қосатын жастардың біліктілігін арттыру мақсатында “Жастар астанасы” таңдайды. Бұл қалада жыл бойына халықаралық іс-шаралар өткізіледі. Халықаралық бағдарламаның ашылу салтанатына мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, Түркі мемлекеттері Ұйымының Хатшылығы, ұйымға мүше елдердің делегациялары, сондай-ақ 6 елден 50-ге жуық жас қатысты.
– Бағдарлама шеңберінде мәдени, білім беру, ойын-сауық, әлеуметтік, спорттық, ұлттық құндылықтарды, жастар көшбасшылығын насихаттайтын түрлі іс-шаралар өткізілді, біліктілікті арттыру бойынша жобалар іске асырылды. “Жастар платформасының II Бас Ассамблеясы”,” Жас кәсіпкерлердің III Форумы”,”Жас көшбасшылардың VI форумы “ секілді ауқымды шараларда өткізілді, – дейді Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Бақдаулет Жанділдаев.
Жастар платформасының II Бас Ассамблеясының отырысында, Жас көшбасшылардың VI форумында Қазақстан Жастар Конгресінің атқарушы директоры Бақдаулет Жанділдаев сөз сөйлеп, еліміздегі жастар саясатының іске асуы туралы ақпаратпен бөлісті. Қазақстандағы жастар саясатындағы үздік жобалар мен бағдарламалармен таныстырды, оған қоса Түркі мемлекеттер ұйымына мүше мемлекеттер арасында байланысты нығайту мақсатындағы бірлескен іс-шараларды өткізуді ұсынды. Сондай-ақ Түркі мемлекеттер ұйымы Бас хатшының орынбасары Сады Жафаровпен кездесіп, Халықаралық іс-шараның жоғары деңгейде өткізілгені үшін алғыс айтып, бірлескен жобалар бойынша ұсыныстар берді.