Басты бет » Жаңалықтар » Психологиялық тест: МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫҢЫЗ ҚАНДАЙ?

Психологиялық тест: МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫҢЫЗ ҚАНДАЙ?

Психологиялық тест өзіңізді жақсырақ түсінуге, ерекшелігіңізді табуға, мінезіңіздің қандай екенін анықтауға көмектеседі.

Алдымен суретке мұқият қараңыз! Көп ойланбастан, бірден көзіңізге түскен жануарды анықтаңыз.

ҚҰС

Егер сіз бірден құсты көрсеңіз, онда өмірге жеңіл қарайтын, еркін адамсыз. Ойлау қабілетіңіз ерекше. Өмірде кездесетін түрлі өзгерістерденқорықпайсыз. Өзіңізді дамыту үшін үнемі жаңа мүмкіндіктерді іздеп жүресіз. Сіздің энергияңыз өзіңізге ғана емес, басқаларға да жетеді. Айналаңызға көтеріңкі көңіл-күй мен күш-қуат сыйлаудың шеберісіз.   БҰҒЫ Егер сіз ең бірінші бұғыны көрсеңіз, өте сезімтал жансыз. Бейтаныс жандармен оңай танысасыз, тез тіл табысасыз. Қамқорсыз, мейірімдісіз. Адамдардың жандүниесін, жан жарасын тез түсініп қоясыз. Интуицияңыз мықты дамыған. Сондықтан кез келген қиындықтан қорықпайсыз, ішкі түйсігіңізге сенесіз.

КЕРІК (ЖИРАФ)

Егер сіз керікті көрсеңіз, табанды әрі тапқыр адамсыз. Кел келген жағдайды ақылмен шеше аласыз. Өзіңізге деген сенімділік пен мақсатшыл мінезіңіздің арқасында көптеген проблеманы дер кезінде шешесіз. Қызықты, жан-жақты, білімқұмар адамдармен дос болған ұнайды.

МҮЙІЗТҰМСЫҚ (НОСОРОГ)

Мүйізтұмсықты көрген адамдар – мықты, қайсар жандар. Қиындықтан қорықпайды, өзіне сенімді, сөзіне де, ісіне де жауапты. Кез келген шаруаны өз уақытында тындырып тастағанды жақсы көреді. Өмірде өзіне не керегін жақсы біледі.

ТҮЛКІ

Егер сіз ең бірінші түлкіні көрсеңіз, әрбір қадамын ақылмен басатын, керек жерінде қулықты да іске қосатын епті адамсыз. Түрлі жағдайдан түлкі сияқты бұлғаң етіп тез шығып кете аласыз. Қайғырып, мұңайып отыру сізге жат нәрсе. Тек қана шешім іздейсіз. Қиындықтардан қиналмай, қиындатпай жылдам шығасыз.

ПІЛ

Сіз байсалды әрі ақылды мінезіңізбен ерекшесіз. Қиын жағдайдың өзінде сабыр сақтай аласыз. Үнемі даму жолындасыз. Шыдамдылық, басқаларға деген түсіністік – сіздің басты артықшылығыңыз. Ұжымда да жұмылған жұдырықтай еңбек етесіз.

ҚАСҚЫР

Cіз өте белсенді, іскер адамсыз. Мақсатшыл, тәуекелшіл, қиындықтан қорықпайтын батылсыз. Тартымдылығыңыздың арқасында топ жарып жүресіз. Тіпті мықты тұлғалардың өзі сіздің соңыңыздан еруі мүмкін.

ҚАБЫЛАН (ЛЕОПАРД)

Егер назарыңызды қабылан аударса, онда сіз жүректі, жігерлі және тәуекелі мол адамсыз. Ештеңеден қорықпайсыз. Өзіңізді қайрап, алдыңызға қиын мақсаттар қоясыз. Және соған жетесіз де. Жылдам ойланып, жылдам әрекет жасайсыз.

ТАУТЕКЕ

Таутеке бірінші көзіңізге түссе, айтқанынан қайтпайтын қайсар, табанды, бірбеткей адамсыз. Шулы ортадан гөрі, оқшау жүргенді жақсы көресіз. Жалғыз жүргенде жоспарларыңыз бен мақсаттарыңыз туралы ойланасыз. Достарыңыз бен жақындарыңыз сізді әділетті мінезіңіз бен адалдығыңыз үшін бағалайды.