«Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы болашақ мамандарға оң әсерін тигізуде, деп жазды Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Фото: kaznu.kz
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Журналистика» білім беру бағдарламасының студенті Сәрсеков Берік Польшаның, Вроцлав қаласындағы «University of Wrocław» университетінде өзінің бір семестрін өткізіп, болашақ мамандығы бойынша үлкен тәжірибе ала алды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттердің өзін жаңа қырынан сынап, шетелдегі оқу процесімен танысуда маңызды рөл атқарады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта екі тарап академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы оқытушылар мен студенттерді алмасу, бірлескен зерттеулер жүргізу және университеттің басқа да академиялық бағыттары бойынша жұмыстар жүргізуді жоспарлауда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram