16 маусым Құрбан айт мерекесіне орай Елорда автобустары күндіз де, түнде де тегін жүреді. Қоғамдық көлік жұмысы сағат 06:00 басталады.
Нақтылай кетейік, түнгі №201, 202, 203 бағдарларында маусымның 15-нен 16-сына қараған түні жол жүру тегін.
Сондай-ақ Құрбан айт мерекесі қарсаңында Онлайн құрбандық шалатын сайт іске қосылды. Сайтта малдың бағасы белгіленген: Қой – 75 мың теңге; Ірі қара – 490 мың теңге.
«Сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аударуға болады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе, ұялы телефоныңызға смс хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі», – делінген діни басқарма хабарламасында.
Сайт арқылы құрбан етін алуға да өтініш қалдыруға болады.