Басты бет » Жаңалықтар » Колумбияда Димашқа арналған радиобағдарлама ашылды

Колумбияда Димашқа арналған радиобағдарлама ашылды

Колумбияның беделді Radio Bolivariana радиостанциясында толығымен Димаш Құдайбергенге арналған отыз минуттық радиобағдарламасы жарық көрді деп хабарлайды, Jastar janary порталы dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Radio Bolivarana — Колумбияның Медельинде орналасқан Папа Боливариандық университетінің радиостанциясы. 1948 жылы 11 тамызда алғаш рет эфирге шыққаннан бері радиостанция бағдарламаларында денсаулық, мәдениет, қоғам, білім беру, әдебиет, колумбиялық және халықаралық танымал музыканы қоса алғанда әртүрлі тақырыптарды қамтыды.

Бүгін Radio Bolivariana Колумбиядағы ең беделді және танымал радиостанциялардың бірі болып саналады.

Димаш Құдайбергенге арналған бағдарламаның эфирінде тыңдармандар қазақстандық орындаушының өмірі мен шығармашылығы туралы көп дүние білді. Бағдарламаның музыкалық репертуарында «S.O.S.», «Zhalyn», «Я скучаю по тебе», «Together», «Любовь уставших лебедей» және «Ave María» сияқты танымал шығармалар болды.

Айта кетсек, бұл радиобағдарлама Димаштың колумбиялық жанкүйері Елена Махияның арқасында пайда болды және бүгінгі таңда өз жұмысын жалғастыруда.