Қызылорда қаласының Мемлекеттік рәміздер алаңында Мемлекеттік Рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті.
Шара барысында Тәуелсіз Қазақстанның және аймақтың дамуына үлес қосқан сырбойылықтар марапатталды. Мереке концерттік бағдарламамен, автошерумен жалғасты.
Айта кетейік, мерекеге орай облыстағы ірі сауда орталықтарында, халық көп жиналатын орындарда, теле-радио арналарда, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда және бюджеттік мекемелерде Мемлекеттік Гимн бір мезгілде орындалды.
Қала және аудандарда ғимарат терезелеріне, балкондарда Мемлекеттік Ту ілінетін «Туымыз — төрімізде» флэшмобы ұйымдастырылуда.
Әлеуметтік желілерде «Менің туым – менің мақтанышым!» челленджі іске қосылды.
Өңірде Елтаңба авторларының бірі, жерлесіміз, танымал сәулетші Жандарбек Мәлібековтің, Мемлекеттік Тудың авторы, суретші Шәкен Ниязбековтің еңбектерін насихаттауға арналған іс-шаралар кең көлемде өткізілуде.
балалар лагерлерінде «Отанды сүю-жүректен» атты патриоттық шаралар ұйымдастырылды.
Сонымен бірге, барлық елді мекендердегі «ҚР Рәміздері аллеялары» мен «ҚР Рәміздері алаңдарында» тұрғындардың, жастар мен волонтерлердің қатысуымен шаралар өтті.
Қызылорда әкімдігінің баспасөз қызметі