Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бастамасымен елімізде «Антипаракрафт-2024» республикалық крест өтті.
Квест финалы Көкшетау қаласында Уәлиханов университетінің базасында өткен ойын түріндегі шараға отандық жоғары оқу орындарынан 20 студенттік команда қатысты. Зияткерлік ойын жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Павлодар облысының намысын қорғаған Торайғыров университетінің «Антикор LAB» командасы «Антипаракрафт-2024» республикалық квест ойынында жеңімпаз атанды.