Басты бет » Жаңалықтар » Қазақ тілін білмейтіндерге азаматтық берілмейді

Қазақ тілін білмейтіндерге азаматтық берілмейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңға енгізілген өзгерістің кейбіріне тоқталсақ, аталған құжатта Қазақстан азаматтығын беруден және қалпына келтіруден бас тарту үшін кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасау, қарапайым деңгейде мемлекеттік тілді білмеу, Қазақстан Конституциясының негіздерінен, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деңгейде төл тарихымыздан хабардар болмау секілді қосымша негіздер қарастырылған.

Яғни, заңдағы маңызды ерекшелік – Қазақстанның төлқұжатын иеленгісі келетін шетелдік азаматтар бұдан былай Қазақстан тарихынан сынақ тапсыратын болады. Олардың ел тарихынан қандай фактілерді білуі талап етілетінін «ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды».