Басты бет » Жаңалықтар » DISNEY және PIXAR ФИЛЬМДЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ “СӨЙЛЕДІ”

DISNEY және PIXAR ФИЛЬМДЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ “СӨЙЛЕДІ”

Биылдан бастап Disney және Pixar студиялары үлкен экранға шығатын негізгі фильмдерін қазақ тілінде ұсынады.
Аталған студиялардың «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмі, «Моана 2» шытырман оқиғасы мен «Муфаса: Арыстан патша» көркем фильмдерін осы маусымнан қазақ тілінде тамашалаймыз.
Disney жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдерге аударылған 30-ға жуық нұсқасын дайындайды. Солардың қатарында қазақ тілінің болуы – тіліміздің мәртебесін көтеріп, тартымдылығын арттырады.
– Танымал фильмдердегі сүйікті кейіпкерлердің қазақ тілінде сөйлеуі – біздің жас көрерменге үлкен олжа. Қазақ тілінде еркін сөйлейтіндер де, тілді енді үйреніп жүргендер де сапалы дубляждалған фильмдер арқылы тілге бойлай түсетіні анық, – деп жазды әлеуметтік желіде «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы.
Бәріңізге белгілі, «Қазақ тілі» қоғамы мемлекеттік тілдегі контент қорын, оның ішінде, анимация бағытын қазақшалауға басымдық береді.