Басты бет » Жаңалықтар » Димаштың «Stranger» туры Будапештте аншлагпен өтті

Димаштың «Stranger» туры Будапештте аншлагпен өтті

4 мамырда Димаштың 2024 жылғы алғашқы жеке концерті Будапештте «Stranger» турының аясында өтті. Мажарстандағы ең үлкен алаң – Ласло Папп спорттық аренасында аншлаг. 77 елден келген әншінің жанкүйерлері Dears фандомының бірдей футболкалары, жилеттері, шарфтары мен басқа да түрлі-түсті атрибуттарымен өте әдемі көрінді.

Димаштың репертуарындағы әндер әр елдің авторларының шығармаларының жиынтығы. Әр елдің өнері тоғысқан концерт, әрине, әртүрлі тілде сөйлейтін адамдардың назарын аудартатыны анық.

Шоу-бағдарламада еуропалық авторлардың «GOLDEN» және «S.O.S D’UN TERRIEN EN DÉTRESSE»
Димаштың вокалдық және актерлік шеберлігі біріктірілген қытай және жапон композиторларының «BATTLE OF MEMORIES», «JUST LET IT BE» и «AUTUMN STRONG» атты шығармаларымен органикалық түрде үйлеседі.

Димаштың гастрольдік сапарының басты мақсаттарының бірі – көрермендерді Қазақстанның дәстүрлі және заманауи мәдениетімен таныстыру болатын. Осы негізде, халық әндері «ДҰРДАРАЗ» бен «ДАЙДИДАУ» және «АДАЙ» күйімен қатар сахна төрінен белгілі қазақстандық авторлардың әндері: Еділжан Ғаббасовтың Джордан Аракелянның сөзіне жазған «FLY AWAY» әні, Айгүл Бажанова мен Мұнайдар Балмолданың «МАХАБАТ БЕР МАҒАН» әні және Димаштың інісі Әбілмансұр Құдайбергеннің «TOGETHER» атты алғашқы композициялық туындысы шырқалды.

Димаштың шығармашылығында көрермендердің сүйіктісіне айналған Игорь Яковлевич Крутойдың туындылары ерекше орын алады. Итальян тіліндегі керемет «OLYMPICO», орыс тіліндегі әсерлі «ЛЮБОВЬ УСТАВШИХ ЛЕБЕДЕЙ» әні, ағылшын тіліндегі «STRANGER» шоуының титулдық әні және «AVE MARIA» әніндегі керемет вокалдық дауыс бүкіл залды тағы да өзіне баурап алды.

Әншінің гастрольдік бағдарламасында бірте-бірте өзінің авторлық композицияларының да саны артып келеді. Көрермендер сол кеште Димаштың америкалық Кэндис Келли мен Дмитро Гордонмен бірлесіп жазған «SMOKE» және «WHEN I’VE GOT YOU» туындыларының жақында болған премьерасын да ерекше әсермен қабылдады.

Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған «UNFORGETTABLE DAY» лирикалық әні 10 жылдан бері жанкүйерлердің ықыласына бөленсе, ал «GIVE ME YOUR LOVE» және «BE WITH ME» әндері Димаштың әнші әрі композиторлық дарынын да көрсетеді.

Ал, композитор ретінде Димаш Құдайбергеннің «EL AMOR EN TI» және «THE STORY OF ONE SKY» атты тамаша туындылары өзінің күрделілігімен, сұлулығымен және әлемге музыка арқылы жеткізетін бай әлемімен таң қалдыратыны сөзсіз.

Димаштың келесі концерті 24 мамырда Ыстамбұлда әншінің 30 жылдығында өтеді.
Барлық Dears-ты үлкен мерекеге шақырамыз!

Ақпарат көзі: dimashnews.com