Басты бет » Жаңалықтар » Журналист Жанар Байсеміз сүйінші жаңалықпен бөлісті

Журналист Жанар Байсеміз сүйінші жаңалықпен бөлісті

Фото: astanatv.kz
«Бұйырса шетелдегі қазақ балалары Қазақстанға келеді! Қазақ тілін оқиды, қазақ мәдениетімен танысады, қазақтың тарихын біледі. Қазіргі уақытта әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ресми хат дайындап жатыр. Университеттің атынан Гүлшара Асылбайқызы осы іске жанын салып, кірісіп жатыр. Хат дайын болған соң шетелдегі Қазақстан Республикасының елшіліктеріне жолдаймыз. @sheteldegi_qazaq_balalary жобасының осылай жалғасып жатқанына бек ризамын!» – деп жазды журналист, «Шетелдегі қахақ балалары» бағдарламасының авторы Жанар Байсеміз.
Штелдіктер асырап алған қазақстандық балалардың елде қиналмай жүруіне барлық жағдай жасалады. Олардың жол шығыны, визасы төленеді. Үш мезгіл тамақ, жатақхана тегін беріліп, стипендия төленеді. Ұзақ уақытқа келе алмайтындары үш ай, уақыты барлары тоғыз ай оқиды. «Елге келіп, ана тілін үйренуге Талғат, Сардар, Әнел және Арман құлшынып отыр. Әнел тоғыз айға келгісі келіп жатыр. Талғат, бүгін қашан келе аламыз, деп сұрап жатыр. Керемет жаңалық иә, достар?! Қалған балаларға енді хабар береміз», – дейді журналист.