Бельгияда өскен қазақ баласы ана тілін үйреніп бастады (видео)
Жаңалықтар
28.01.2024
2,125 рет оқылды
Осыдан бірнеше уақыт бұрын өзінің туған анасын іздеп Қазақстанға келген Мұрат Савилев есімді қазақ баласы туралы көп мәлімет тарап, сол кезеңде орын алған бала асырап алу мәселесіне қатысты біраз келеңсіздіктердің беті ашылды. Қазір бұл оқиға зерттеліп, құзырлы орындар тарапынан бақылауға алынды. Бүгінгі күні жігіттің анасы әлі табылмады. Алайда туған еліне, қазақ халқына деген ыстық ықыласын үнемі әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жеткізіп отыратын Мұрат тағы бір ерекше жазба жариялап, қазақстандықтарды қуантты.
Фото: muratsaveliev әлеуметтік желідегі видеодан скриншотталды
Күні кеше Мұрат өзінің ана тілін үйреніп жүргені жайлы жазды. Ол бүгінде Тайландта демалып жүр.
«Менің арманым – терең мұхитқа сүңгу. Соңғы бірнеше күнде @paditv @paditravel -мен бірге диплом алдым. Мен сізді өзіммен бірге арманыма апарғым келеді, қазақша сөйлеп (сөйлеуге тырысып). Қазақстан және қазақ халқы менің өмірімді өзгертті. Менің әлемге көзқарасым және сезімдерім оң дамыды. Сізге тағы да рахмет!»
2024-01-28