Венгрияның астанасы Будапешт қаласында 4 мамырда өтетін Қазақстанның Халық әртісі Димаш Өұдайбергеннің «Stranger» атты концертін 60-қа жуық шет мемлекеттердің азаматтары билет сатып алған. Бұл туралы әншінің әкесі Қанат Құдайбергенов әлеуметтік желіде жазды.
— Венгрияның астанасы Будапешт қаласында 04.05.24 күні жоспарланған Димаштың «Stranger» атты концертіне ұйымдастырушылардың берген мәліметіне сейкес осы кезге дейін
Аргентина, Австралия, Австрия, Бельгия, Босния, Болгария, Канада, Колумбия, Хорватия, Кипр, Чехия, Дания, Сальвадор, Эстония, Финляндия, Франция, Грузия, Германия, Греция, Қытай, Венгрия, Чили, Индонезия, Ирландия, Израиль, Италия, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Люксембург, Македония, Малайзия, Мексика, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Норвегия, Перу, Польша, Португалия, Румыния, Ресей, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, Испания, Швеция, Щвейцария, Тунис, Түркия, Украина, Ұлыбритания, Уругвай, АҚШ, Белорусь елдерінің 361 қаласынан билеттер алыныпты.
Ықылас, ниеттеріңіз үшін көп рахмет, қымбатты достар!
Концертте кездескенше! — деп жазды Қанат Құдайбергенов.
Әлеуметтік желіде әншіге қолдау көрсетіп, ақ тілек арнап пікір қалдырып жатырғандар көп. «Ақ Димашымызды тіл-көзден сақтасын! Ғұмырлы болсын!», «Қандай керемет, әрқашан мерейі үстем болсын, жүзі жарқын болсын, әлем халықтарының құрметіне бөлене берсін!», «Димашымызға мың алғыс! Сәттілік тілеймі! Әрдайым аман бол, бақытты бол ! Алға қазағым!» деп жазуда оқырмандар.