Басты бет » Жастар үні » YASAWI УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ СТАРТАП ЖОБАЛАРДЫ СӘТТІ ІСКЕ АСЫРУДА

YASAWI УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ СТАРТАП ЖОБАЛАРДЫ СӘТТІ ІСКЕ АСЫРУДА

Бүгінде Ахмет Ясауи университетінде студенттер, магистранттар және докторанттардың стартап жобаларын қолдау және дамыту мақсатында ашылған «YASAWI STARTUP» бизнес инкубаторы қарқынды жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жоба аясында 60 сағаттық «YASAWI» инкубациялық бағдарламасы бекітіліп, 3 ағымда 100-ден астам студент кәсіпкерлік білім алып, оның ішінде 50 студент жоғары нәтиже көрсетті. Ал 15 стартап жоба университеттің инкубациялық сертификатына ие болды. Қазіргі таңда студенттердің «Тәтті-мәтті» және «Khoja Group – логотипі бар пакеттер» стартап-жобалары алғашқы өнімдерін шығарып, ішкі нарыққа сатылымын бастады. Атап айтар болсақ, «Тәтті-мәтті» жобасы – қазақ тәттілерін нарыққа шығара отырып, көне рецептерді жаңғыртуға бағытталған.