Абай облысында өткен жастар форумына облыстағы жастар ұйымдарының жетекшілері, еріктілер, белсенді жастар мен студенттік клуб мүшелері қатысты.
“Бірге, Бір толқында” облыстық жастар форумы аясында облыс әкімі Нұрлан Телманұлы өңірдің белсенді жастарымен кездесу өткізді. Кездесуге облыстық, қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен мамандары қатысты.
Белсенді жастар өңіріміздегі жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі және қажырлы еңбегі үшін облыс әкімі атынан алғыс хатпен марапатталды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың көрнекті жетістіктерін көру және тану, сонымен қатар өңірдегі өскелең ұрпақтың дарынды өкілдерін қолдау.
Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев 7 аталым бойынша үздік деп танылған жастарды салтанатты түрде марапаттады. Олардың ішінде:
Жыл волонтері:
Төлеутаев Нұрлан Талғатұлы,
Тәңірберген Дильназ Даниярқызы.
Жыл көшбасшысы:
Абдураимов Алиби Батыржанұлы.
Жылдың үздік жастар ұйымы:
«Абай Жомарт жастары»;
«Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ.
Жылдың жас еңбек адамы:
Әлихан Мират Қайырбекұлы,
Головнев Иван Сергеевич.
Жылдың жас таланты:
Жақанов Баян Бағдатұлы.
Жылдың жас отбасы:
Сағатбековтер отбасы.
Жылдың үздік жастар ресурстық орталығы:
Үржар ауданы,
Абай ауданы.
Айта кетсек, марапатқа 80-ге жуық қатысушы құжат өткізді. Нұрлан Ұранхаев жастардың зор жетістіктерін атап өтіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жиын барысында би ұжымдары, вокалдық топ және «Вена балы — 2023» жеңімпаздары өнер көрсетті.