Құжаттар 12-19 желтоқсан аралығында ЖЖОКББҰ арқылы қабылданады. Бұл туралы @qazaqstantv телеграм арнасы жазды деп хабарлайды Jastar janary.
Грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады.
Грант конкурсына қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсыру қажет:
— жеке куәліктің көшірмесі;
— жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
— КТ сертификаты;
— халықаралық сертификаттар (бар болған кезде).
Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Оның ішінде «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» даярлау бағытына 1 758 грант, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға» 569 грант, «Педагогикалық ғылымдарға» 469 грант, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға» 461 грант бөлінген.
Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.