Елімізде алаяқтар қоғамға қауіпті болып саналатын сан түрлі әдістерін қолдану арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруды әдетке айналдырып барады. Осылайша, әлеуметтік желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды.
Коллаж: ser-per.kz
Киберқылмыскерлер WhatsApp аккаунттарын бұзып, адамның барлық контактілеріне үшінші тұлғалардың шоттары көрсетілген және әр түрлі сылтаулармен ақша жіберуді сұрайтын мәтін келеді.
«Күдіктілер зиянды сілтеме арқылы Whatsapp аккаунтына қол жеткізе алатыны белгілі болды. Осыған орай, Алматы полициясы азаматтарды, әдетте, ұтыс ойыны, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама және тағы басқа түрінде таралатын күмәнді сілтемелерді баспауды және олардың сайтына кірмеуді, сондай-ақ, жеке деректерді енгізбеуді ескертеді және шақырады», – деп түсіндірді Алматы қалалық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Егер сіз кездейсоқ күдікті сілтемені бастым деп күмәндансаңыз, Whatsapp қолданбасына өтіп, өзгертулер бөліміне кіріп, “байланыстырылған құрылғыларға” өту арқылы Whatsapp аккаунтыңызға параллель кіруді тексеруге болады. Ол жерде сіз қосылмаған белгісіз құрылғы көрсетілсе, осы сессиядан дереу шығу қажет.