Оқушыларға сабақ үстінде телефон пайдалануға заң бойынша тыйым салынады
Бүгін Мәжілісте қаралған білім беру және тәлімгерлік мәселелері туралы заң жобасында осындай норма бар.
Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «Смартфонды тек сабақ барысына қажет болған кезде, мұғалімнің нұсқауымен ғана пайдалануға болады. Оқушылар сабақ кезінде тек білім алулары керек», – деді.