Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің тамақтану рационы өзгертілді. Жаңартылған армиялық рационға қазақша ет, сірне, наурыз көже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да дәстүрлі тағамдар қосылды. Бұл өзгерісті Қазақ тамақтану академиясы құптаған. «Калориясы мен энергетикалық құндылығы жоғары ұлттық тағамдармен байытылған рацион зат алмасуды, иммунитетті жақсартуға және қарқынды жүктемеден кейін күш-қуатты қалпына келтіруге ықпал етеді», – делінген хабарламада. Жаңартылған рацион әскери бөлімдерде былтыр ...
Толығырақ »Архив блога
Астанадағы өнер университетіне Күләш Байсейітованың есімі берілді
Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетіне ресми түрде аты аңызға айналған опера әншісі Күләш Байсейітованың есімі берілді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Мемлекеттік қайта тіркеу рәсімі аяқталған соң оқу орнына «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» атауы ресми түрде берілді», – делінген хабарламада.
Толығырақ »Астанада түнгі уақытта компьютер клубында жалғыз жүрген жасөспірімдер анықталды
Елорданың Сарайшық ауданында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кезекті түнгі рейд өткізілді, деп хабарлайды Jastar janary Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Шараны аудан әкімдігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп ұйымдастырды. Рейд аясында полицейлер түнгі уақытта кәмелетке толмағандар жүруі мүмкін компьютерлік клубтарды тексерді. Осылайша, аудандағы компьютерлік клубтардың бірінде заңды өкілдерінсіз жүрген үш кәмелетке толмаған жасөспірім табылды. «Рейд барысында ...
Толығырақ »Альбина Шардарова сүйінші жаңалығымен бөлісті
Танымал әнші Альбина Шардарова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалықты жариялады, деп хабарлайды Jastar janary. «Күнделікті күйбең тіршілік сол. Айтпақшы, біздің отбасымызда бір сүйінші жаңалықтар болып жатыр. Бөлісейін бе сіздермен? Отбасымызға +1 күйеу бала. Енді өзімнің қайынсіңілімді ұзатамын бұйырса. Жастарға бақыт тілеп қойыңыздар!» – деп жазды.
Толығырақ »Астанада оқушылар үшін шетелдік университеттер көрмесі өтуде
Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің және Л.Гумилев атындағы ұлттық университетінің ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларына арналған «Study in Kazakstan» шетелдік 20-дан астам ЖОО филиалдарының көрмесі өтуде. Шараға Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова, ЕҰУ академиялық мәселелер жөніндегі ...
Толығырақ »АЗИАДА-2025: Қазақ елінен 137 спортшы қатысады
Қысқы Азия ойындарында ел намысын 137 спортшы қорғайды. Мемлекеттік Туды шорт-трекші Ольга Тихонова мен хоккейші Әділ Бекетаев ұстап шығады, деп хабарлайды Jastar janary. Сурет: arnapress.kz Олар кімдер? Биатлон: Кирилл Бауэр, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Вадим Куралес, Александр Мухин, Дарья Климина, Арина Крюкова, Ольга Полторанина, Елизавета Белецкая, Полина Егорова. Тау шаңғы спорты: Захар Кучин, Ростислав Хохлов, Алексей Кулаков, Данил Сысоев, Александра Троицкая, Ксения ...
Толығырақ »100-ге жуық студент Оңтүстік Кореяда жұмысшы мамандықтарын меңгерді
Астана мен Сеул арасындағы келісімшарт бойынша 100-ге жуық студент жұмысшы мамандықтарының қыр-сырын меңгерді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Айта кетерлігі, 2004 жылы Кореяның Сеул қаласындағы технология және білім беру институтында астаналық университет және колледж студенттерін тағылымдамадан өткізу бойынша меморандумға қол қойылған. Онда еліміздің жас мамандары автоматмеханик, дәнекерлеу, аспазшы, тігінші, шаштараз жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып, тәжірибелерін арттырады. 20 жыл ...
Толығырақ »Ақтөбелік оқушы АЭС-тың шағын макетін құрастырды
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі дарынды оқушылар мен ұстаздардың өнертабыстарын, жетістіктерін, сондай-ақ мектеп өміріндегі қызықты оқиғалар жөнінде «100 жаңа есім – 100 новых лиц» айдарын ашқанын хабарлады, деп жазды Jastar janary. Айдардың алғашқы кейіпкері – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Әлімбетов ауылы мектебінің талантты оқушысы Нұрталап Бақытжанов. 4-сыныпта оқитын жас өнертапқыш энергия өндіруге арналған бірегей жоба әзірледі. Оның жұмысы атом электр станцияларының ...
Толығырақ »Жалпы еңбек өтілі – 70 жыл: Елордада слесарь мамандығын жанына серік еткен әулет бар
Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл олардың беделін өсіру, абыройын арттыру мен жұмысын насихаттау арқылы еңбекқор қоғам қалыптастыруды көздейді. Қазақстанның еңбек нарығында өз ісінің нағыз мамандары саналатын отбасылар аз емес. Солардың бірі – Астана қаласында тұратын Жұмәділовтер әулеті, деп хабарлады Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Жұмәділовтер отбасы – слесарь мамандығын серік етіп, еңбек ...
Толығырақ »Елімізде бірқатар жаңа кәсіби мереке пайда болды
Еліміздегі кәсіби мерекелер тізіміне жаңа мерекелер қосылды. Бұл өзгерістер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы бұйрығымен енгізілді. 28 қаңтар – Қаржы мониторингі органдары күні. Шілденің бірінші жексенбісі – Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні. Тамыздың бірінші жексенбісі – Теміржол көлігі қызметкерлері күні. Қыркүйектің екінші жексенбісі – Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы қызметкерлері күні. 2 қазан – ...
Толығырақ »