Басты бет » Жаңалықтар » КІШІ ЖҮЗДІҢ КИМЕШЕГІ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

КІШІ ЖҮЗДІҢ КИМЕШЕГІ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

Кіші жүздердің төпе-төпе болып, қабаттасып тұрған заттай көрінетін биік кимешегі ежелгі Сақтардың ордасындағы сыйлы аналары мен әйелдері ғана киетін алтын бам киім негізінде пайда болған. Бұл киім кейін Қырым мен Стамбул төңірегін ала құрылған Босфор мемлекетінде де орда әйелдерінің бағалы бас киімі ретінде алқауға бөленген. Греция жерінен табылған ханымдардың бас киімінде де осы бас киім. Дешті Қыпшақ кезінде бұл бас киім қарапайым маталардан тігіліп кең көлемде киілген. Рубрук, Карпини жазбаларында айтылғандай, Шыңғыс хан мен Жошы ханның діни сенімі туралы ештеңе дей алмаймыз, бірақ сол тарихи куәгерлер Батудың, Беркенің, Сартақтың мұсылман екенін айғақтайды. Деседе олардың елінің шаш қою үлгілерінің өзгере қоймағанына қарап, исламға өтуінің солардың өздерінен басталғанына көп болмағанын білеміз. Олардың мұсылмандыққа кіруі жергілікті мұсылман халықтарының жақсы ықпалынан, Османлы мен Мысырдағы мұсылман билеушілерінің әсерінен бөле қарауға болмайды.

Мұсылмандық үлгі бойынша тұрмыс құрған әйелдерге жаулық іспетті бас киімдердің қажеттілігі туындады. Бұған дейін киіліп келген рулық бас киімдердің қалпын сақтай отырып, оны мұсылмандық үлгіге айналдыру ісінің қолға алынуын Қазақ хандығы кезінде іске асты дей аламыз. Бұл, рулық бас киімдердің кимешекке айналдыру ісі еді. Қазақ хандығы құрамында болған қазақ руларынан тыс, қырғыз ішінде бұл өте жақсы іске асты. Алшын кимешек өздері тұрған өңірдің тарихымен тығыз қабысқан ежелгі Сақтардың, яки оның ішінде Сарматтардың әйелдерінің бас киімі негізінде өз кимешектерін жасады. Ал, Қырымдағы туысқан тайпаларда кимешек ісі қолға алынбай, бас киім негізінде бұрынғы үрдісті сақтады. Шайбанилерге қараған руларда кимешек ісі қолға алынбай, жаулық ғана тағылды. Бүкіл қазақ мәдениетінің түп тіреуі ретінде Әз деп құрметтелген Әз-Жәнібек ханның жеті ата жосынын жалпыластырғаны айтылады. Кимешек жобасын ел болып талқылап қатарға қосқан да сол Әз Жәнібек хан болуы ықтимал.

Көкбөрі Мүбарак