Басты бет » Жаңалықтар » Жастар театрында «Жолы болғыш жігіт» драмасының премьерасы өтеді             

Жастар театрында «Жолы болғыш жігіт» драмасының премьерасы өтеді             

23 қыркүйекте Жастар театрында жаңа қойылым сахналанбақ!                                   

Өнер кеңістігінде дара жолымен танылып, халықаралық, республикалық  театр фестивальдерінде үздіктер қатарынан көрінген Жастар театрының  талантты  ұжымы  көрерменін жаңа туындымен қуантпақ. Әкім Таразидің 90 жылдық мерейтойына орай, қаламгердің «Жолы болғыш жігіт» драмасының премьерасы өтеді. Спектакльдің режиссері – Нұрфат Вахитов.

Егезектігі мен пысықтығының арқасында ел ішінде Асау Бөкен атанып кеткен  жалынды жастардың бірі Танаш  ауылда бұрын соңды болмаған жаңа тәжірибе жасайды. Еңбек өнімділігін арттырып, ауылдың жағдайын жақсарту үшін жаңалық енгізбек. Алайда, бұл ойы іске аспай, қарсыластарынан жеңіліс табады.  Осынша қыруар іске қырсық боп тиген кім?  Өзінің тәжірибесіздігі ме? Әлде балақтан тартқан өз ортасы ма? Оның айналасындағы жұрттың бәрі неге үнемі жаңалыққа қарсы жүреді? Олардың тоғышарлық пен пәлеқорлықтан кірпіштей қатып-семіп қалған санасы қайтсе жаңарады? Ал Асау Бөкен қаққан есіктердің ашылар күні туар ма екен?

Спектакльде ілеспе аударма қамтылған