Басты бет » Жаңалықтар » «Егіз лебіз» жобасы қайта оралды

«Егіз лебіз» жобасы қайта оралды

«QAZAQSTAN» ұлттық арнасында көпшіліктің сүйікті бағдарламасына айналған «Егіз лебіз» жобасы қайта оралды. 

Қатысушылардың өнерін саралайтын тұрақты әділқазы мүшелері — Тұңғышбай Жаманқұлов, Толқын Забирова. Ал үшінші әділқазы мүшесі әр шығарылым сайын ауысып отырады.

Жобада танымал әншілер мен өзге саланың өкілдері жұп болып жарысады. Олардың арасында 2 жыл бұрын тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлағалы тұрған 3 жасар қызды құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев, қазақстандық файтер, әлемнің үш дүркін чемпионы Қазбек Сағын, дәрігер Айнұр Сламбекова және айтыскер Айым Асылбекқызы бар.

Қатысушылардың барлығы жанды дауыста ән шырқайды. Әр шығарылым сайын қазылар ұпайы мен көрермен дауысы есептеледі. Жобада 12 жұп өзара бақ сынасады, ал финалдық додаға тек үш жұп қатысады.

Жаңа маусымның тұсаукесері осы сенбі 20:00-де басталады.

https://t.me/qazaqstantv