Түркияда үш қазақстандық жер сілкінісінен кейін хабарсыз кетті. Солардың бірі Қазақстан азаматы Мирус Құрмашевтың жоғалғаны туралы хабарланды. Бұл туралы Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев айтты.
Ол зілзала болардан бір күн бұрын контент түсіру үшін Хатай қаласына барған. Жақындары Түркиядағы елшілікке де хабарлаған.
Бүгін түнде бірнеше ерікті қазақстандықтарды іздестіру үшін Түркияға ұшады.
– Досымыз, Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетті. Ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде ол Түркияның Хатай қаласында болған. Содан бері онымен байланыс үзілді. Отбасы мен достары алаңдап, жан-жақты іздестіруде, бірақ әлі де ешқандай хабар-ошар жоқ, – деді Мағжан Мәдиев.
Оның айтуынша, бүгін түнде Мирустың бауыры мен достары, қазақстандық еріктілер оны іздеу үшін Түркияға ұшады.
Қандай да бір ақпарат болса немесе іздеу тобына қосыламын дегендер төмендегі телефонға хабарласа алады:
- +7 702 430 20 21 – Алмат (Мирус Құрмашевтың ағасы)
Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты түсінік бере алмайтынын, жақындары Түркиядағы Қазақстан консулдарына хабарласу керегін атап өтті.