
Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт — дәстүрі, әдет ғұрпы, жөн — жоралғыларын бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымыз бен төл өнерімізді дәріптеу, қазақи рухты жаңғыртып, ер азаматтар бойындағы ержүректілік пен ермінезділік, ұлтжандылық, дарындылық пен жігерлікті шыңдау мақсатында жуырда аудандық «Жігіт сұлтаны-2022» байқауы сайысы өтті.
Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттері, ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.Жігітке жеті өнерде аз деп бекер айтпаса керек, біздің қазақ жігітерінің өнерлерін, қасиеттерін осы сайыста көргеніміз айдан анық. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен өткен шараға 10 қатысушы қатысып, өзара бақ сынасты. Байқаудың алғашқы кезеңінде қатысушылар Күш атасын танымас»(қазақ күресі, қол күресі, аударыспақ) сынды спорттық сайыс бойынша өз өнерлерін ортаға паш етті. Байқау одвн әрі «Тегімді менің сұрасаң»өзің, ата – тегі мен өскен жерін таныстырса, «Жігітке жеті өнерде аз, жетпіс өнер көп емес» «Білгенге-маржан» сынды бөлімдер бойынша жалғасын тапты. Сайыс қорытындысы бойынша I орынды тасқалалық Мағжан Жеңісов иеленсе, II орында тасқалалық Аян Сырымға бұйырды. Ал,III орынды мерейлік Аймұрат Уалиахметов қанжығасына байлады. Жеңімпаздардарға сайыстың арнайы белдігін әділқазылар алқасының төрағасы, атбегі, «SABA» этнокешенінің басшысы Ишанов Ақылбек Миразатұлы табыстады.

«Осындай байқауға негізі кезінде қатысқанмын Орал қаласында өткен Жігіт Сұлтаны сайысынанда да бірінші орын алған болатынмын. Алайда бұл жігіт сұлтанынада өзімнің өнерімді ортаға салып қазақтың нағыз қара баласы екенімді тағы бір дәлелдегім келді.Елім дейтін Ер болмаса, Ерім дейтін Ел қайдан болсын дегендей, әрбір Ер жігіттің бойында да, ойында да осы сөз жүрсе, әр бір қазақтың жігіті «жігіт Сұлтаны» болуға лайықты деп ойлаймын.Бұл жарыс жайлы айта кетер болсам, осындай сайысты өткізіп жатырған ұжымға алғыс білдіргім келеді. Өнерді ішке сақтамай сыртқа көрсетсе, осындай сайыстар көп болса, ұлттық өнерімізді, қазынамызды осындай сайыстар арасына қосып, жігіттің бағын сынаса жақсы болар еді. Қазір шыны керек көбіміз Тарихымызды салт -дәстүрімізді және де ұлттық ойындарымызды да көпшілігіміз біле бермейміз.Біз кімнің ұрпақтарымыз екенінде ұмытып барамыз.

Жалпы, ата-бабамыз ат құлағында шебер ойнағандықтан, осындай байқаулар ұлттық өнерімізден жарыстарды көбірек қолданса жақсы болар еді. Өзімнің саламда осы ер жігіттің нағыз келбетіне сай мамандық деп айтамын. Сондықтан осы мамандық әрі қарай дамытқымыз келеді, өсіп келе жатқан жеткіншектерге ұрпағымызға осындай мирас қалдырғанымыз жөн»,-дейді Мағжан Жеңісов, аудандық спорт клубының ат спортының әдіскер нұсқаушысы.
Гүлмира Мақанова