Басты бет » Жастар үні » Жастар санаты 35 жасқа ұзармақ

Жастар санаты 35 жасқа ұзармақ

Енді 14-тен 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына жатады. Бұрын бұл меже 14-29 жас аралығында еді.

Осыған орай «Жастар саясаты туралы» заңға өзгерістер енгізіледі.

Заң жобасы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қабылданды.

Жаңа ережеге сай 6,2 млн адам жастар категориясына жатқызылады. Бұл бұрынғы саннан екі есеге артық.

Демек олар жастарды қолдау бағдарламаларына қол жеткізе алады.