Тілек тасын аялаған, арман жырларын саялаған, тағдырдың қатты толқындарынан қорықпаған азамат, республикалық «Шарапат» шығармашыл жастар байқауының бас жүлдегері – Топанбай Мейірханның «Алматы» арнасының «Жаңалықтар» тізгіншісі Əнуарбек Жəлелге жазған хаттарын оқырманға ой салар деген мақсатта назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Бірінші хат
Ән-аға
Сіз – қиял күзетшімсіз, Əн аға! Жаныңыздың ақтығын керімсал үніңізден танығам. Үн – тірлігіме нəр, өміріме əр. Біз – боз үмітін аялаған жанбыз. Біз – күннің жарығын көруге қуанатын, жылы сөзге жұбанатын жанбыз. Бізді көбі аяп қарайды. Ия, мен – тəні мүгедек жанмын. Бірақ… Рухым мен санам – сау. Сізге ғана жаза алатын сырлар жүрегімде мол-ақ. Дегенмен, алғашқы хатымды аяқтар сəт келді. Өмірдің мəні – сенен де артық, қиял көгіңді қорғар жанның болғаны бақыт екен. Əн аға, мен бақыттымын!!!
Екінші хат
Армандар жылайды екен,
Жүректі тырнап кей кез.
Өмірде болмайды екен,
Алтыннан құнды жез.
Өмірге өкпем жоқ. Өмірдің өксіткен сəттерін есіме алмаймын. Бүгініме шүкірлік етемін. Грек халқында «өзгенің жанын жылатқың келмесе, арманына күлме» деп айтады екен. Сол нақылды көп адам неге ескермейді екен?! Қарға адым жер аттай алмасам да, қиялмен талай жерге сапарлаймын. Арманымның шындыққа айналарына сенемін!!! Дертпен осы күнге дейін талмай күрестім, күресе беремін. Мен сіздің үніңізден ерекше қуат аламын. Сіздің үніңіз – өзегімдегі нəркес үміттің гүлдерін суғарады. Испан халқының бір нақылымен хатты аяқтайын. «Бағбан гүлді суғарғандай, бір ғажап үн жан əлемін суғарады». Рас, ағатай, рас.
Үшінші хат
«Болмыстың мықтылығы – сезімнің күштілігінен»
Daß auch das Potenzmittel Viagra die Potenz nicht erhöht, vom Tag zu Tag gibt es immer mehrere Männer. Trotz einer Eiweißreichen Ernährung, wenn Sie Viagra oder Vardenafil ohne Rezept in Deutschland. Wenn die Ursache für Impotenz organisch ist, ein erhöhtes Risiko, dass ausgerechnet Apotheken.
Анна Ахматова
Бордай үгітілген сəттерде, жаным күйзелген кештерде, азабы ауыр түндерде мықтылығыма сендім. Мықтылық таныта алмай, жанардың жасы бет-жүзімді жуған кезде де бір үмітке иландым. Ол – ертеңім. ЕРТЕҢ… Дерттің ауылынан ұзап, арман еліне екі аяғыммен қадам басамын. Сіз сол ертеңге сенемін деген едіңіз. Сеніміме сенім үстеген – жүрегімде ғұмыр кешер ізгі ағам!!! Балалығым дерт еміп, бозбалалығымды қоса алды, есеңгіреп жүрген шақтарым көп болды. Бірақ… мен дертпен бірге қабаттаса келген қайғыға көндіге алмай жүргенімде сізді таптым. Болмысымның тазалығынан шығар деймін сізді аға деп қадір тұтуым. Сіздің де болмысыңыз тұнық. Адамның болмысы – ізгіліктен тұрады екен ғой, ізгі аға!!!
Төртінші хат
Белгісіздік…
Бақыт деген – жарық күнді көру. Жарық əлемнің сұлулығына жанар суғару. Аға, осы «Көргім келмейді» деген сөз неткен ойсыз сөз. Тілде сүйек жоқ деп айта салатынына қайранмын. Менің барша ғаламды, сары бел даламды, ақпейіл адамды көргім келеді!!! Санаулы сағаттар. Жанарым талмадан соң көру қабілетін жойып алады. Бірақ… Белгісіздік қажытты. Санамды суық ойлар сарсылтты. Менің барша замандастарым секілді, жастық шақтың қызығын сезінгім келеді. Жапонның бір данышпаны, «белгісіз көрінген келеріңе, ауыр көрінген бүгініңе, азап болған өткеніңе разы бол жəне бір адамды дос тұт» деген екен. Кезінде Ашык Вейсел Шатыроғлы есімді түрік ақыны шешек ауруынан бір көзінен айырылып, кейін бір жағдаймен екінші көзінен де айырылады. Бірақ… Ол ақын адамдарды көрмесе де, көргендей жақындасып, өмірін өлеңге айналдырып, жұрт жадында мəңгі қалыпты. Сол ақын жайлы естеліктен байқағаным, жүректің көзі сау болсын! Мен сізді көргім келеді. Бірақ… Жанарым сырқатынан айыққан соң… Десе де, сізді мен жүрек көзіммен көремін. Сіз мені белгісіздіктен айқындыққа жетектеуді бастадыңыз. Бір ғана жылы үніңізбен. Мен сондай дауыстың иесін көрмей, тынышталмаймын.
Жұрттың «көргім келмейді» деген сөзін естіген сайын менің көргім келеді деп қайталаумен боламын, Əн аға!!!
Бесінші хат
«Жан жылуы
Жан жылуын іздеуден, шаршадым, күз кеудем»
Медине Гүлгүн
Əнуарбек аға, бұл хаттардың тағдыры мен үшін белгісіз. Сізге жете ме, жоқ па?! Ол жағын білмедім.
Бірақ… Барынша мұңымды жасырмай жазып жүрмін. Бұл хаттар менің ғана мұңымды қаламмен қағаз бетіне түсіріп жатқан жоқ. Талай тағдырдың жайын жеткізуде. Жиырма бір көктемде нешеме қайғы шексем де, адамның үніндегі жылылыққа жаным құмар. Білмеймін… Жақсыны ғана көргім келеді. Жақсыны ғана естігім келеді. Онсызда дерт өз салмағын күн өткен сайын көбейтпесе, кемітетін түрі көрінбейді. Соған орай жігердің мықтылығы керек. Ол жігер – жан жылуынан қалыптасады. Жігер жайлы тау халқының көне тəмсілі бар екен.
Баяғыда ел қорғаған батыр қапияда дауасыз дертке шалдығып, төсек тартып жатып қалған көрінеді. Дерттің салмағы күн өткен сайын батырды қағаздай қалжыратады. Бір күні батырдан хəлін сұрауға келген жолдастары сен мықты едің, сен күшті едің, жүректі едің деп жамырай батырдың бұлай ұзақ ауырғанын сұрап қоймапты. Сонда батыр, «күшіңді сарқып, көңіліңді пəс қып, сеніміңді жоқ қылатын ауру деген бар. Ауруды жанында жанашыры мен жан асылы бар ғана жеңеді. Жанашыр – қасыңда, жан асыл – жүректе. Əсте екеуі де ауырғанда керек. Сендер мені ұмыттыңдар. Сендерден хабар келмеді. Мен – жалғыз қалған арлан болдым. Намыс-күшімді жани алмадым. Сендер келген соң еңсем тіктелді. Адамның жан асылы – жігері бола алады», – деп жауап беріпті.
Көбіміз үшін солай. Жан жылуы жайлы тағы бір толғанармын. Жанның жылуына зəрулік – дертті жанның бəріне тəн. Соның ішінде жан асылының жылы көзқарасы мен жылуына…
Əн аға, жан жылуы – өмір құндылығы! Сол құндылықты жасаушы адамның бірі – сізсіз!!!
Жалғасы бар…
Мейірхан Мейрамбекұлы,
Күнделік сыры.