Басты бет » Жаңалықтар » Ринат ЕЛУБАЕВ: Түпсанам арқылы картина саламын

Ринат ЕЛУБАЕВ: Түпсанам арқылы картина саламын

Есімі елге танымал суретші Ренат Елубаев қазіргі таңда Кипр қаласында өнер сапарымен жүр екен. «Бұл жерде түркі әлемі суретшілері картиналарынан мұражай ашылмақ», – дейді «Жастар жанары» ұжымына сұхбат берген суретші.

 

d0923fdd14d5d804934292a7bc887aac

 

           – Кей суретшілер «Мына бір туындыны саларда, маған түсімде аян берді» деп айтып жатады. Сізге де солай аян береді ме?

         – Әркімнің өзінше сурет салу амалдары бар болар, бәлкім. Өзім ішкі жан дүниеме, сезіміме ғана бағынам. Сол сезімнің өзі менің шығармашылығымды толық өз құзырына алған. Нақытырақ айтсам, түпсанам арқылы картина саламын.

         – Тұңғыш  рет салған суретіңіз есіңізде  ме?

         –  Екі жасымда сурет сала бастадым. Екі жасар баланың не істегені есінде қалады ма? Жоқ. Ал кәсіби деңгейге келсек, мен жоғары оқу орнын суретші болып тәмамдағаннан соң күйбең тіршілікке байланысты сегіз жыл қол үзіп, басқа салалардан нәпақа іздеп кеткен едім. Ақыры суретке қайта оралған тұста суретті бірден еске түсіріп, кәсіби деңгейде сала алмадым. Екі жыл қайта қалыптастым және сол уақытта жазған туындыларымды жақсы шыққан жұмыстар деп айта алмаймын. Сондықтан ол уақыттағы картиналар да есімде жоқ. Соңғы жұмыстарымды Ресейдің үлкен театрының бас суретшісі байқаусызда көріп қалып, екеуміздің арамызда мынандай диалог жүрген еді.

  • Мынау кімнің картинкалары?
  • Менің жұмыстарым.
  • Қалай ғана осындай талантыңмен, «барып кел, шауып кел» секілді жұмыстармен жүрсің? Елің сені алақанда ұстау керек қой.

Бірақ қалай болса да, сол бас суретшінің таңғалғанына қарағанда «мен жақсы суретші екенмін ғой» деген жүрекке от лаулап кетті. Ойыма түскенде көзге еріксіз жас келеді. Сол картиналарым есімде.

cabc224bfac1db6988aee5f1e3f0f825

       – Суретті  көбінесе қандай тақырыпта салғанды ұнатасыз?

      – Суретті мен салмаймын, менің жүрегім, түп санам салады. Сондықтан жүрегім не қаласа соны саламын.

       – Жалпы, суретшілер нашар сурет салады ма? Әлде, бәрі шедевр болады ма?

       – Мен үшін менің барлық картиналарым шедевр.

       – Қандай суретті салу арманыңыз?

     – Көңілім толған шақта суретті қоямын. Жақын арада жаңа туындыларымды көрсетем, әзірге осы арманым. Әзірге құпия бола тұрсын.

      – Әр суреттің тарихы бар ма?

     – Әрине, бар. Жалпы суретші тарихты, елді білетіндіктен, оның туындылары да тұнған тарих. Көшеде келе жатып, бір сұлу жерді көріп, содан ләззат алып бейнелеу де тарих.

45000680_2183871794958447_4060038554913341440_o-e1541400201429

      – Суретші болу үшін «қияли» болу қажет пе?

    – Басқалары туралы жауап бермеймін, ал өзіме келер болсақ, иә, мен қиялимын. Қияли болмасам осындай қиял-ғажайып туындылар ойға келмес еді.

  – Көзіңізді байлап қойып та сурет салудың шеберісіз! Бұған не түрткі болды?

   – Көзімді  жауып қойып сурет салу Мәскеуде шеберлігімді көрсету кезінде басталды. Бұл тек мастер класс еді.

   – Қоғамда болып жатқан өзекті мәселерді қылқалам арқылы бейнелей алдыңыз ба?

  – Жақында көресіз.

eece45b4f240ebba76263483ad148e3c

  – Сурет, сурет, сурет! Сурет салудан басқа тағы да біз білмейтін өнеріңіз бар ма?

  – Кино түсіріп, әнге өлең жазып, ұйымдастырушылықпен айналысып, кітап оқумен әуестенемін.

 Әңгімелескен Самал ЖАМЕТ

Оставить комментарий к Аноним Отменить написание