Басты бет » Жаңалықтар » Мектеп инспекторы болу жауапты міндет

Мектеп инспекторы болу жауапты міндет

Полиция аға лейтенанты Алтынбек Сатыбалдиев – Орал қаласындағы М. Ықсанов атындағы №36 жалпы білім бнретін орта мектептің инспекторы. Нақтырақ айтсқ, осы мектептегі оқушылармен, олардың ата-аналарымен және мектеп басшылығымен бірлесіп қызмет атқаратын жауапты тұлға.

SAM_5839

Бүгін мектеп инспекторы күндегі әдетінше бірінші ауысымға келетін оқушыларды қабылдап, таңертеңгі сағат 07.45-те мектептен табылды. Сағат тілі сегізді соққанда, бірінші ауысымдағы сабақ та басталды. Сабақ басталғанша оқушылардың кластарына барып орналасуын қадағалайды және сабаққа келмей қалған оқушылар болса себептерін анықтайды. Ал үзіліс кездерінде балалардың тәртібін қарайды. Қызмет бабымен шұғыл хабарласқан әріптестеріне мәлімет беріп, түстен соң облыстық полиция департаментінде өтетін құқық қорғау органдары арасындағы үйлестіру кеңесіне қатысады.

Алтынбек Сатыбалдиевтің ішкі істер органындағы қызметі 2013 жылдың қараша айында Жаңқала ауданында учаскелік полиция инспекторы болып тағайындалуымен басталған. 2017 жылдың қыркүйегінде №36 мектептің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы лауазымына бекітілген. Содан бері мектептегі 600-ге жуық оқушының тәртібіне, жеткіншектер тарапынан түрлі құқықбұзушылықтарға жол берілмеуін назардан тыс қалдырмай, қызметін абыройлы атқарып келеді.

Мектеп инспекторларының жұмысын үйлестіруші, Орал қ.ПБ ЖПҚб аға инспекторы полиция майоры Мадина Құспанова:

– Мектеп инспекторлары таңертеңгі сағат 08.00-ден кешкі сағат 19.00-ге дейін бірінші, екінші ауысымдағы оқушыларды мектепке қабылдап, алтыншы сабақ аяқталған соң оқушылардың үйлеріне қайтуларын күтіп, соңына дейін шығарып салады. Содан кейін өзінің аймағындағы учаскелік полиция пункітіне барады. Ұсақ құқық бұзған және есепке қойылған жасөспірімдердің деректерін тексереді. Тәртібі түзелгендерін арнайы есептен шығарады. Есепте тұрғандары болса, мекенжайларына барып, ата-анасымен немесе заңды өкілімен түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Құқық бұзушылықтын алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізеді.  Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларын аралап, жай-күйімен танысады. Сабақ қалдырмауын сұрап-біледі.  Мектеп, ата-ана, оқушы осы үш тарап бірлесіп жұмыстансақ, барлық мәселенің күрмеуі  шешіледі, – дейді.

SAM_5835

Жас болса да оқушылармен, мектептің педагогикалық ұжымымен ынтымақты байланыс орнатып, ортақ іске жұмылған Алтынбек Сатыбалдиев қыркүйек айынан осы күнге дейін мектептегі әр класта өткен 15 ата-аналар жиналысына қатысып, «Заң баршаға ортақ», «Мен тәртіпті баламын», «Ұсақ құқық бұзушылыққа жол бермейміз», «Салауатты өмір салтын ұстанамын», т.б. түрлі атаулармен семинарлар ұйымдастырып, дәрістер оқыған. Мектептің басшылығы өз инспекторының қызметіне оң баға береді.

Жастар жылында жас болса да талапшыл, еңбекқор, жүктелген тапсырмаларды мінсіз атқаратын, бала жанының бағбаны Алтынбек Сатыбалдиев қызметінде жетістіктерге жетеді деп сенім артамыз.

Гүламан Исмагулова,

Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*