Басты бет » Жаңалықтар » ҰЛТ ТАРИХЫН БІЛЕТІН ЕЛДІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

ҰЛТ ТАРИХЫН БІЛЕТІН ЕЛДІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

9fba58e7-1847-430f-a760-babd7883663a

«Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында.

Мелекет басшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламасының жалғасы іспеттес «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбындағы мақаланың ел үшін маңызы зор, әрине. Күллі қазақстандықтардың бағыт-бағдары десек артық айтқандық емес.

Тағылымды мақалада сонау ұлт тарихының бастауларымен қатар, түрлі маңызды тақырыптар айтылған. Елбасы әр пенде өзінің кіндік қаны тамған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, өркендеуіне өз үлесін қосу қажет деген міндетті қойып отыр.

«Ұлы даланың ұлы есімдері» бөлімінің – ұрпаққа берері мол. ҚР Президенті «Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді» деген болатын. Расында да Ұлы бабаларымыздың ісі – бізге үлгі-өнеге. Ұлт үшін тер төккен тұлғалардың есімі біз үшін мақтаныш!

Жалпы, Ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау әрі дәріптеу – келер ұрпақтың еншісінде.

Жандос ЕСЕНАЛИН,

ұстаз

Теректі ауданы,

Әйтиев ауылы,

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*