Басты бет » Жаңалықтар » Классикалық ертегі кейіпкерлері қазақша сөйледі

Классикалық ертегі кейіпкерлері қазақша сөйледі

Жаңа жыл мерекесі сайын ойға оралатын көптеген ертегілер мен хикаялар бар. Солардың бірі – Эрнст Теодор Амадей Гофманның «Шақылдақ және төрт патшалық» («Щелкунчик и четыре королевства») классикалық ертегісі. Биыл АҚШ-та экранизацияланған ертегі 8 желтоқсаннан бастап көрерменге жол тартпақ.

1

Ал кеше Астанадағы «Керуен» СОО Kinopark 7 IMAX Keruen кинотеатрында «Шақылдақ және төрт патшалық» фильмінің қазақ тіліндегі алдын ала көрсетілімі өтті.  Кеш басында ұйымдастырушылар мен ертегіні қазақша сөйлеткен «Болашақ» корпоративтік қоры, «Арай медиа груп» және демеушілік көрсеткен компаниялардың өкілдері сөз алды. Кинотеатрлардың әкімшіліктеріне фильмнің қазақ тіліндегі сеанстарын көрерменге қолайлы уақытқа қою туралы ұсыныстарын айтып, алдағы уақытта бұл мәселенің назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Бала түгілі ересектерді ертегілер әлеміне сүңгітіп алып кететін «Шақылдақ және төрт патшалық» фильмі — «Болашақ» КҚ қазақ тіліне тәржімалаған 27 -ші туынды.

https://www.youtube.com/watch?v=Ys-6WB1dw3I

Көрсетілім соңында залға жиылған жұрт фильмге дубляж жасаған ұжымға қошемет көрсетіп, ризашылығын білдірді.

Ақтоты БОРИСҚЫЗЫ

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*