Басты бет » Жаңалықтар » «Ұлы даланың жеті қыры» талқыланды

«Ұлы даланың жеті қыры» талқыланды

47172446_571999236591248_6705611802203389952_n
Орал қаласында Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын колледж ұжымы талқылады.
Ұлы Жібек жолының тарихи даму барысында әлемде бұрын соңды болмаған мәдени-экономикалық, саяси-әлеуметтік қарым-қатынастар пайда болды. Елбасының мақаласы қазақ халқының тарихын тереңнен зерттеуге, шетелдік ірі архивтерде іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуге шақырады.
Осы орайда, Ұлы Жібек жолының әлемдік өркениетке қосқан жетістіктерін қайтадан зерделеудің, жаңаша насихаттаудың маңызы зор деп ойлаймын. Өйткені киелі орындарды, оқиғалар болған тарихи жерлерді тамашалау өсіп келе жатқан ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге, тәуелсіздікті, рухани құндылықтарды насихаттауға ықпал етеді, жас ұрпақтың мәдени және рухани мұраға деген қызығушылығын арттырады.
Елбасы мақаласында мақтаныш сезімін тудыратын кезеңдер, тарихтың тартымды беттері көрсетілген. Оның «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының кіріспесінде Қазақ елі мен оның байырғы халқы – қазақ халқын, басқа өркениетті елдермен салыстыра отырып, тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан өркениет ретінде қарастырған. Мысалы, «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» бөлімін оқи отырып ежелгі қазақ жеріндегі металлургия, технология болғаның, алтыннан бұйым жасаудың өзі сол кездегі металл өңдеу технологиясының жоғары деңгей де дамығандығын көрсетеді.
Қазақ халқында жеті – қасиетті сан. «Жеті атасын білмеген жетесіз», «жеті қазына», «жеті» саның қадірлеу көне заманнан басталады. Елбасы Н. Назарбаев жаңа мақаласында осы қасиетті жеті санын қолдана отырып, Ұлы даланың жеті қырын ерекше жеткізіп, сипаттаған. Мақаладағы Ұлы даланың жеті қырын колледжіміздің жеті кафедрасы жіктеп, талдап, өз ұсыныстарын жеткізді.
Өз кезегінде жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушілері Ардақ Қанатқызы мен Біржан Каримұлы: Ұлы даладағы ежелгі металлургия жайында, «Архив-2025 Ұлы даланың ұлы есімдері бөлімдері» арқылы тарихи сананы жаңғырту турасында ой қозғады. Ұсыныс ретінде Халық ауыз әдебиетін насихаттау мақсатында факультатив сабақ жүргізіп, тарихымызды жаңғырту керек деген ойларын ортаға салды.

47235492_571999259924579_5216439111878967296_n
Колледж ұжымы «Ұлы даланың жеті» қыры мақаласы бойынша жоспар құрып, алдағы уақытта төмендегідей бағыттарда жұмыстанатындарын жеткізді:
Музыка кафедрасында Ұлы даланың көне сарындары тақырыбында «Төл аспаптарды дәріптеу» үйірмесін ашу; қоғамдық пәндер кафедрасында Өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру; қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Ұлы дала халқының фольклорын дәріптеуді; Кітапхана жұмысын жетілдіру, жастарға арналған шаралар, тренингтер, дәрістер, жаңа кітаптар бойынша оқырмандар конференциясын өткізу, жауапты кітапхана қызметкерлері; Ұлы даланың ұлы есімдері үйірмесін қоғамдық пәндер кафедрасы; Елбасының еңбегінде орын алған пікірлер мен ұсыныстарды жүйелі түрде насихаттау бағытында ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, мәдени кештер, пікір сайыстар ұйымдастыруды жалпы колледж бойынша ұжым болып жұмылып жүзеге асырылуын ұсынды.
Колледж директоры Светлана Меңдіғалиқызы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласының логикалық жалғасы екенің айта келе, осындай бағыт бағдар беретін мақаланың негізін, түпкі ойын қолдау, жүзеге асыру арқылы тарихымыздың, мәдениетіміз бен түп-тамырымыздың жаңғыруына арқау болмақ. Мақаланың басындағы «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады» дегенін айта келе, ұжым алдындағы басты мақсат көшінен қалып қоймай тарихымен түп тамырынан айырылмаған алғыр шәкірт тәрбиелеу. Осыған орай қазақта «Қаңбақ деген шөп барын, оның тамыры жоқ жапан даланы жел тұрса кезіп жүре беретін негізі жоқ екенің айта келе ұлттық рухын, тарихы мен тамырын жоғалтқан ұлттың болашағы бұлынғыр екенің ескертті.

47104179_571999133257925_8849275506290327552_n
Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі жоғарыда аталып өткен мәселелер бойынша «Жаһанша жолымен» жобасы оқу жылынан бастап өз жұмыс жоспары бойынша жүріп жатқаның айтқымыз келеді. Сондай-ақ, Президент мақаласындағы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында колледжімізде Ж. Досмұхамедовтың және колледж тарихынан толық ақпараттарды «QR»-код арқылы ұялы телефондарына жедел ақпарат алуға болатындай етіп енгізді. Колледжіміз әрбір игі бастама мен жаңашылдықты жұмыс барысында жүзеге асыруға дайын.
Халқымыз «Өткенді ұлықтау – тарихты ұмытпау» деп бекер айтпаса керек.

Әнасыл Құрманәлі

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*