Басты бет » Без рубрики » Бір арнаға тоғысқан қос тағдыр

Бір арнаға тоғысқан қос тағдыр

    Қиындығы мен жауапкершілігі астасқан полиция қызметінде бірлесе еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне үлестерін қосып жүрген ерлі-зайыптылар жоқ емес. Мұндай отбасының мүшелері таңмен қызметтерінде тасырылған жұмыстарды мінсіз атқарады. Осы орайда, үйінің де, қызметінің де бабын келтіріп, шаңырақ шаттығына кенеліп отырған мерейлі отбасылар туралы жазуды жөн санап, Орал қаласы полиция басқармасының кадр қызметі бөліміне жүгіндік. Әрине, отбасын айрандай ұйытып, саясына балапандарын қондырып отырған қызметкерлеріміз бар. Бұл жолы, біздер Исмайловтар отбасы жөнінде жазуды ұйғардық. 

fa4ebebb-17aa-482a-a4dd-8f6d35a2518a

Отағасы Аюпхан Исмайлов – Орал қаласы полиция басқармасының жауапты қызметкерлерінің бірі. Ішкі істер саласына 2009 жылы қызметке қабылданған Аюпхан Болатұлының алғашқы еңбек жолы жол-патрульдік полиция баталонынан басталыпты. Үнемі тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмастанатын әрі жол үстінде апаттардың орын алмауын назардан тыс қалдырмайтын, баталонның ыстық-суығына төзген кейіпкеріміз зор беделге ие болды. Қаланың әр ауданын аралап, тұрғындардың түнгі тыныш ұйқысын күзетті. Тәулік ішінде әкімшілік хаттамалар толтырып, кінәлі жүргізушілерді анықтады. Жол үстіндегі жарақаттанған азаматтардың баршасына өзі медициналық жәрдем шақырып, алғашқы көмектер көрсетті. Бірнеше баланың, ата-аналарының өміріне араша болып, алғыстарына ие болды. Барына риза, әркез салмақты қалпынан таймайтын Аюпхан Болатұлы бүгінгі күні полиция аға сержанты шенімен айдауылдау взводында қызметін атқарып келеді. Алдағы жылы ішкі істер саласында еңбек еткеніне аттай он жыл толатын Аюпхан Болатұлы өзіне жүктелген тапсырмаларды мінсіз атқарып, қызметіндегі сауаттылығы мен қырағылығы үшін БҚО ПД және Орал қ. ПБ бастықтары атынан бірнеше алғыс хаттарға ие болды. Біздің  кейіпкеріміз Аюпхан – Шымкент қаласының тумасы. Алматы қаласында әскери қызметін атқарған ол Орал қаласына келіп, ішкі істер органына қызметке орналасып, қайнаған еңбек ортасына араласып кетті. Аюпхан Болатұлының жұбайы Айгүл Кариомоллақызы да Орал қаласы полиция басқармасының беделді қызметкері. Полиция аға лейтенанты шеніндегі Айгүл бес жылдан бері тергеу бөлімінің тергеушісі лауазымында қызмет атқаруда. Алғашқы еңбек жолы 2008 жылдың желтоқсан айынан бастау алатын Айгүл ең алғаш кезекші бөлімнің жедел кезекшісі лауазымына тағайындалады. Содан еңбек жолы өрлеп, бұл күнде қылмыстық істерді есепке алып, тергеуші лауазымына дейін көтерілді. Тіркелген қылмыстық істерді есепке алып, бақылау жасау, мерзімінде аяқталуын қадағалау, тергеу бөліміндегі ұйымдастырушылық жұмыстарға жауапты тұлға А. Каримоллақызы айдың соңында есеп дайындап, басшылыққа тапсырады.

40abd32c-283c-450c-846e-98aeb5dec4a1

– Өзім Сырым ауданында туып-өстім. Қалауыммен ішкі істер саласына қызметке орналасып, күні бүгінге дейін еңбек етіп келемін. Ата-енем қазір Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында тұрады. Өмірлік серігім отбасындағы үш баланың ортаншысы. Екеуміз де полиция саласының қиындығына төзіп, аса шыдамдылық танытып, еңбек етудеміз. Қайыненем – аға медбике, қайынатам мұғалім қызметінде. Менің мақсатым – отбасында жар, ана болу, қызметімде офицер болып сеніп тапсырылған қызметті мүлтіксіз атқару. Денің сау жүрсе, бар қиындыққа төтеп беріп, қызмет етуге болады, – дейді Айгүл Каримоллақызы.

Исмаиловтар отбасында Кәусар есімді бүлдіршін өсіп келеді. Ол – Орал қаласындағы Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының 1 класс оқушысы. Кәусар Аюпханқызы оқу озаты, мектебінің мақтанышы, есепке жүйрік. Бүгіннің өзінде ол жарыстарға қатысып, жүлде иеленіп жүр. Жеңістерімен Кентау қаласындағы ата-әжесін әркез қуантып келеді. Сабағынан босап, демалысқа шыққанда ата-әжесінің жылы құшағына асығатын Кәусар екінші тоқсан аяқталысымен Шымкентке қарай жол тартады.

Исмаиловтар отбасы қыс уақытында сырғанақ теуіп, таза ауада серуендегенді ұнатады. Жексенбіде боулинге барып, отбасымен демалып қайтады.

Полиция аға сержанты Аюпхан мен полиция аға лейтенанты Айгүл әр отбасында баланың көп болғанын қалайды. Отбасыларың бауыр етің — баламен толығып, қуаныштар көп болсын, ендеше.

Исмаиловтар отбасына амандық пен жақсылықтар тілейміз. Алдағы уақытта да ішкі істер органдарындағы қызметінде толағай табысқа кенеліп, егеменді еліміздің игілігіне арналған күрделі де құрметті еңбекте биіктен көрініп, жетістіктерге жете беріңіздер.

Гүламан Исмагулова,

Орал қ. ПБ баспасөз қызметкері

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*