Басты бет » Бозбала » Сарбаздар сайысы

Сарбаздар сайысы

Біз қызмет атқараты әскери бөлімде түрлі іс-шаралар тұрақты түрде өтіп тұрады. Жақында әскери бөлім клубында «Сарбаз! Сен жол жүру ережелерін қалай білесің!» атты викторина түріндегі жарыс өтті.

IMG_4775

Жарыс материалдық және техникалық қамтамасыз ету ротасының автомобильдік взводы сарбаздарымен ұйымдастырылды. Жарысқа он адамнан тұратын үш команда қатысты. Жарыс қызықты әрі тартысты өткені сөзсіз. Викторина жүргізушісі аға лейтенант Серікбол Косенов мырза кешті әдемі әрі еркін форматта өрбітті. Үш бөлімнен тұратын жарыстың кіріспе бөлімінде командалар өз капитандарын сайлап, командаларына ат қойды. Ал, сайланған капитандар өз ойларын ортаға салып, командаларының ерекшеліктерін қысқаша айтып өтті. Бес минуттан тұратын бөлім аяқталғасын негізгі бөлімге кезек келді. Бұл бөлімге 35 минут уақыт берілді. Теориялық және практикалық кезеңнен тұратын бұл бөлімде командалардың білімдері, ой-өрістері, жылдам ойлай білу қабілеттері сыналды. Әр командаға үш сұрақтан қойылып, әр сұраққа бір минут уақыт берілді. Одан кейін экраннан жол ережесінің белгілері көрсетіліп, «қандай белгі?, қандай жағдайда қойылады?» деген сынды сұрақтар қойылды. Қорытынды бөлімде қазылар алқасы командалардың ұпайларын есептегенше, қатардағы Қ. Теміржанов пен қатардағы А. Құралбай «Бір досың керек екен» атты әнді гитарамен қосыла шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ән шырқалып болғасын марапаттау сәтіне де кезек келіп жетті. Әскери бөлім командирінің қару-жарақ және техника жөніндегі орынбасары майор Халиев Ерболат мырза кеш туралы өз пікірін білдіріп, командаларды марапаттады.

IMG_4767

«Ұлан» командасы ІІІ орынға табан тіресе, «Арлан» командасы ІІ орынға ие болды. «Бүркіт» командасы жүлделі бірінші орынды иемденіп, шын дүлдүл екендіктерін дәлелдеді. Марапат пен естелік сыйлық алған сарбаздардың жүзінен іс-шараны өткізген жандарға деген ыстық ықылас білініп тұрды. Кешті әскери бөлім командирінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары майор Төрехан Төлебиұлы қорытындылап, викторина жарысы жоғарғы деңгейде өткендігін айтып, алда мұндай шаралар өтіп тұратындығын тілге тиек етті. Кеш соңы естелік суретке түсуге ұласты.

Жанайдар БОЛАТБЕКҰЛЫ,

Тараз қаласы

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*