Басты бет » Сырлы сезім » Ғазиз ғаламым

Ғазиз ғаламым

Сефа Кырмызы

Жырлы хат

мейрхан

Аудармамды Ғалымжан Кеңшілік ағама арнаймын

 

Үзілетін ақ боз үмітті,

Үзбеуге сан тырысып.

Жанды жейтін күдікті,

қуамын деп тырмысып.

Өлеңге сенем өзімдей,

Өлең деп келем көз ілмей.

Мен адамды танимын,

жанармен көрмей-білмей.

Менің ғазиз ғаламым,

Жан жүрегі нұрға бай.

Менің ғазиз ғаламым,

Жылы сөзі жанға арай.

Менің ғазиз ғаламым,

Жан əлемі — ақ сарай.

Құны мынау жалғанның,

Жан жүрекке қадірлі.

****

«Алтын тағы арманның,

Жан жүрекке қадірлі.

Құны мынау жалғанның,

Орындау жүрек əмірді».

 

Ашык Вейсел, түрік жазушысы

Бағдаршамым, бахадүр болмысым!!!

Жүрегім еркімнен тыс сізге ақтарыла салатын болып жүр. Нəуірзек жаным, жазғы шілде де тоңып жүр. Көңіл терезем аязсыз-ақ сынып жүр, сезім өрнектер кестелене сап оңып жүр. Сұраулы оймен санаңыз сандалды ма? Жайшылық, аға! Адамбыз ғой, аға! Адамбыз… Миллярдтаған адам өмір сүрген ғаламымыз бір, əрекеттеріміз бен күйкі тірлігіміз ұқсас. Алайда, таным мен сезіміз мүлдем бөлек. Жанардың жасын оты – ғаламға ғашық көзбен қарау үшін берілген адамға, маған да, оған да. Сізге де! Жалпы, жер бетін мекендер жұмыр басты, екі аяқтың иесі – адам атын иеленген жандардың бəріне де… Алайда, ғалам мен адамның тұтастығы үшін адамның жүрегі ғазиз болмағы керек. Жер үстінде сан мыңдаған жандар бар. Сіз көрген ғаламды өзгеше танитын. Елена Хеллер, Ашык Вейсел жəне мен сияқты. Сезіну арқылы, түйсіну арқылы танып-қабылдайтын. Кеше маған бір танысым: «Өмір түк қызық емес» дейді. Адамдарға айтқым келеді, аға!!! Көбіміңізге əлем мəнсіз көріне ме? Неге? Жер өз қалыбымен айналып жатыр ғой. Адамдар біздер мен сіздер: ғаламның ғажайыбын бағамдаудан қалып барамыз-ау деп Əрекетіміздің негізі – ойымыз ластанған-ау, аға! Жақсы ой мен жақсы іс – ғұмыр өзегі. Жылы жымиыс пен жылы ықылас – адамның жүрегін қарау ой мен азар арамдықтан сақтайды. Жан-жүрек мөлдір судай мөлдіреп тұрса, жарқын дүниелер тумай ма? Жылы жымиятын, жылы сөз айта алатын жандарға құрметпен қараймын. Олар өмірді сүйеді. Сіздей өмірге арман тағына шығу деп қарайды. Арманның биік тағына жету – өмірлік мұрат болған күннен, адамға деген құрмет оянатынын түсіндім. Бір сəт жүректі тыңдар болсақ, жүрек бізге көп нəрсені айтар еді… Əттең, жүректі кім тыңдап жатыр тасыған теңіздей тірлікте… Мына ғалам – жарқын оймен жайнайды, жарқын ойлар ғаламды хəм адамды сақтайды. Бұл – өзгермес өмір қағидасы емес пе, ғазиз аға!!!

Аударған

Мейірхан Мейрамбекұлы

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*