Лəйлə

ләйлә

(Руфат Гүнейтан)

 Аударма Лəйлə Қазиақпароваға арналады

Жылы жаңбыр…
Жылы үн…
Сиясы қаламның біткенше,
Жырласын көңіл ақырын.
Толғансын көңіл көктемше,
Шақырып жаймен шабытын.
Аңыздар өлмейтін сықылды,
Ғасырмен бірге жаңғырып.
Жүректің жыры сиқырлы,
Ғаламды жіберер əн қылып.
Жан сəулетіне көңіл тояр,
Жан сəулесіне көңіл құмар.
Лəйлə десе, Лəйлə шын,
Сұлулық əлеміне тұмар.

***
Жылы үнде сыр бар-ау,
Жаңбыр сынды тұп-тұнық.
Жылы үнде нұр бар-ау,
Жылытатын жанды суық.
Жылылық бар, Мейірім бар,
Үнінде үміттің күйіндей,
Ешкім де жоқ иірім бар.
Əйтеуір…
Жан кəусары Мейірім бар.
Жылы жаңбыр төгілді,
Көктің жырын толғанта.
Жылы жаңбыр төгілді,
Сананы бір сəт ойланта.
Аңызды ойладым кешегі,
Тауысып шай толы кесені.
Лəйлə деген арулар əлемдегі
Сұлулықтың мəңгілік өлшемі.
Күндей сұлу көктемгі,
Санаңа салып көп белгі.
Ай қабағы мен от жанарында,
Ықылас тұнған ең ізгі.

 

                          Таңшолпан

руслан
(Сетора Ахрор)

Аударма Руслан Жылқыбайға арналады

Таңшолпан – үмітім аяулы,
Қара түн өлімші еткен.
Таңшолпан – жанға дем қаяулы,
Сəлем ол бейне көктен.
Таңшолпан – арман алауы,
Қара түн сөндіріп кеткен.
Таңшолпан – жаңа күн хабары,
Жан-жүрегім тербеткен.
Түндігін түрсе мезгілімен,
Керім түн қиялды қинап.
Ай анам ойнаса менімен,
Көңіл күтері жалғыз-ақ.
Таң жұлдызы күткенім,
Қара ойды қуар санадан.
Көкте қалықта жыр кептерім,
Таңын күтер бар ғалам.
Таң жұлдызы бір білерім,
Ақ таңдай шуақты адам.

Аударған:
Мейірхан Мейрамбекұлы,

республикалық «Шарапат» шығармашыл жастар

байқауының Бас жүлде иегері

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*